Сыбайлас жемқорлық проблемасы бүгінде кеңінен таралып, қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер етіп отыр. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың мәні парақорлық немесе мемлекеттік секторға ғана қатысты емес, белгілі бір әлеуметтік жүйенің, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің ыдырауы мен дамуына кедергі келтіреді. Осыған орай, КеАҚ «Семей медицина университеті» жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде «Университет сыбайлас жемқорлықсыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Баяндаманы жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева жасады. Ол негізгі бөлімдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері, сонымен қатар, университет қызметкерлерінің мінез-құлық ережелері туралы айтты. Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі аспектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алу шаралары қарастырылды. Талқылау барысында университет студенттері мен оқытушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелері көтерілді.
Семей медицина университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта келесі нормативтік-құқықтық актілерді қамтиды:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-I Заңы;
- 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы;
- «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы;
- 2015 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама;
- КеАҚ «Семей медицина университеті» академиялық адалдық саясаты.
Жалпы, барлық оқытушылар университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдады және сонымен қатар университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында студенттік қоғамдастықта құқықтық ынтымақтастық пен төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға келісті.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының
аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева