Семей медицина университетінде «2019 жыл – Жастар жылы» тақырыбында латын әліпбиінде диктант өткізілді

Семей медицина университетінде «2019 жыл – Жастар жылы» тақырыбында латын әліпбиінде диктант өткізілді

2019 жылдың 10 қыркүйек күні Семей медицина университетінің №1 дәріс залында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Жорокпаева Мейрамгүл Досанқызының ұйымдастыруымен қазақ тілінен «2019 жыл – Жастар жылы» тақырыбында латын әліпбиінде жалпы қазақстандық диктант өткізілді. Диктантқа «Жалпы медицина» мамандығының 102, 103, 104, 111, 112, 117, 118, 119, 121, 123, 124, 125, 127 топ студенттері қатысты. Диктант жазу уақытына 45 минут берілді. Тексерудің нәтижесі бойынша, қатысқан 196 студенттің «5» – 70%, «4» – 20%, «3» – 5%, «2» – 5% пайызын құрады.

ЖББПК-ның қазақ тілі пәндер оқытушылары

 

Жарияланды: