2019 жылғы 11 қыркүйек күні Семей медицина университетіне «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша академиялық бакалавриаттың білім беру бағдарламасына бақылау жасау мақсатында РДСДО-ның медициналық білім беру бөлімінің бастығы Байғожина Зәуре Алпанқызы іскерлік сапарымен келді. Мониторинг аясында Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов және инновациялық білім беру департаментінің директоры Фазыл Сердар Гюрелмен кездесіп, онда «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавриаттың академиялық бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, осы мамандық бойынша интеграцияланған білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.
Мониторинг бағдарламасына сәйкес университеттің бас ғимаратына, кітапханаға, оқу-клиникалық орталыққа, клиникалық мекемелерге, мейірбике ісі кафедрасы жұмысымен танысу және жұмыс берушілердің, оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен фокус-группалары ұйымдастырылды. Мониторинг нәтижелері бойынша сарапшы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша академиялық бакалавриат бағдарламасын дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізіп, бәсекеге қабілетті медициналық кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.