Басқарма Төрағасы – Ректордың «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерімен кездесуі

Басқарма Төрағасы – Ректордың «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерімен кездесуі

Әлемдік білім беру кеңістігіне ауқымды интеграцияға байланысты бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық проблемасын жою маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғам алдында жас буынға дұрыс рухани құндылықтарды тәрбиелеу, теріс пиғылды және құқық бұзушылықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәселесі өткір тұр.

Осы мақсатта 2019 жылғы 12 қыркүйек күні университеттің акт залында Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісовтің «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттерімен кездесуі өтті. Студенттер үшін академиялық адалдықтың негізгі этикалық қағидалары мен нормалары және білім алушылардың Этика кодексі түсіндірілді. Кездесу барысында Университет оқушыларының корпоративтік мінез-құлқы, білім алушылар мен оқытушылар арасындағы өзара қарым-қатынас, оқу кезіндегі тәртіп тәртібі, сыртқы түрі, университет мүлкін қорғау, тәртіптік теріс қылықтар түрлері және Кодекс бұзушыларға қолданылатын шаралар сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Білім алушылар академиялық саясатпен және студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, ЖОО-да тәрбие идеологиясы, Академиялық адалдық, ішкі тәртіп ережелері мәселелері қозғалды.

Бұл тақырып студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды – олар мұқият тыңдап қана қоймай, сонымен қатар талқылау үдерісіне белсенді қатысты. Осылайша, біздің басты бағдарымыз жоғары білікті, сауатты, бастамашыл, шығармашыл жастарды тәрбиелеу болып табылады.

 

Медицина мектебі

Жарияланды: