«Семей медицина университеті» КеАҚ шетел бөлімі 38 түлегінің Шығыс – Қазақстан облысының Әкіміне СМУ дипломдарында көрсетілген қате атаулар мен фамилиялар себебінен Қазақстан Республикасы Заңы тәртібінде білім беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарын аппостилдеу процедурасынан өте алмауы сұрақтары бойынша жүгінулерімен болған жағдайды түсіндіру мақсатында 2019 жылғы шетел бөлімі барлық түлектері тиісті органдарда дипломдарын аппостильдеуден сәтті өтткенін мәлімдейміз.
Сонымен, «Семей медицина университеті» КеАҚ білімалушылары мен қызметкерлеріне қызмет көрсету орталығының мәліметі бойынша, 91 адамнан тұратын шетел бөлімінің барлық түлектері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тәртібінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды аппостилдеу процедурасын және рәсімдеу мен мазмұнының дұрыстығын растады.
Содан басқа, шетелдік студенттердің жүгінулеріндегі көрсетілген қолдары студенттердің жоғары оқу орны жеке істерінде бар студенттердің өздерінің жеке қолдары үлгілеріне сәйкес келмейтінін Сіздерге мәлімдейміз. Қолдары басқа тұлғалармен орындалған, ол әрбір шетелдік білімалушының жеке мәліметтерімен салыстыру өткізу кезінде қызметтік тергеу барысында анықталды.
Сонымен, шағымдану үшін негіздеме жоқ.
«Семей медицина университеті» КеАҚ директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес, университет басшылығына осы сұрақты тергеу бойынша талап арызбен Шығыс –Қазақстан облысы ІІД құқыққорғау органдарына және ҰҚК жүгіну ұсынылды, оны біз орындаймыз.