«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты

Қыркүйектің 5 күні Семей медицина университетінде жалпы медицина мамандығы 108 топта, топ жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызының бастауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында Жаңанұр Қамбарқызы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтінін айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, студенттер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 2, 3 , 5, 14, 24 баптарымен таныстырылып, ақпарат алды.

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.

 

Байхонова Ж.Ж. 108 ЖМФ

Топ кураторы Жайрбаева Ж.Қ.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар