СМУ» КеАҚ 3 курс студенттерінің әскери дайындық сабақтары басталды

СМУ» КеАҚ 3 курс студенттерінің әскери дайындық сабақтары басталды

2019 жылдың 10 қыркүйегінен бастап «СМУ» КеАҚ 3 курс студенттерінің әскери дайындық сабақтары басталды. Оқуға түскен 120 студент (грант) 8 взводқа бөлінді. Взвод командирлері болып келесілер тағайындалды:

– Абдыкиясов Ади 1 взвод (302 ЖМ)

– Екпендінов Шалқар 2 взвод (326 ЖМ)

– Махсұтов Әділет 3 взвод (318 ЖМ)

– Әубәкіров Бақытжан 4 взвод (329 ЖМ)

– Әбдіманат Нұрсұлтан 5 взвод (333 ЖМ)

– Диханов Алмаз 6 взвод (337 ЖМ)

– Жанахметов Ермек 7 взвод (327 ЖМ)

– Ерболов Руслан 8 взвод (313 ЖМ)

Алғашқы сабақта студенттерге әскери кафедра мен әскери дайындықтың ережелері түсіндірілді. 2 жылға созылатын әскери кафедрадағы оқу – студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Болашақ дәрігерлер үшін оқу жақсы мектеп болып, болашақта түрлі құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарда қызмет етуге мүмкіндік береді.  Кафедрада әскери-патриоттық сектордың жұмысы басталды, соның ішінде белсенділері болып жүрген:

– Кайноллаева Седа 324 ЖМ

– Сабырбаева Лаура 301 ЖМ

– Дуйсенбекова Самал 332 ЖМ

– Шаймұханбетова Алина 328 ЖМ

– Кирей Дәулет 336 ЖМ

– Санникова Алина 309 ЖМ

– Сайловбеков Суръат 303 ЖМ

Әскери кафедрадағы оқу – әрі қарай запастағы әскери офицер болып қабылдануға үлкен мүмкіндік. Студенттерге әскери дайындықта сәттілік пен табыс тілейміз!

 

Әскери кафедра бастығының орынбасары полковник Мамыканов Р.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар