Қыркүйектің 19 және 24 аралығында Медицина мектебі қызметкерлері мектепке қарасты кафедралардың жаңа оқу жылына дайындық деңгейін, жаңа оқу бағдарламасын енгізуге байланысты туындаған мәселелерді анықтау мақсатында мектеп деканы Л.А. Пак және декан орынбасарлары А.С. Бужеева, Л.К. Садыкова кафедраларды аралап қайтты.
Кафедраларды аралау барысында олардың профессорлық-оқытушылық құрамының толық қамтамасыз етілуі, білім алушылардың пәндер бойынша қазіргі заманғы ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі, кафедраларда студенттердің тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларды игеруіне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі, оқу бөлмелері мен ауданының талапқа сәйкестігі, ұйымдастыру техникасымен жабдықталу деңгейі қаралып, анықталған мәселелер бойынша оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды. Қазіргі уақытта жоспар бойынша анықталған мәселелерді жою бағытында жұмыс жүргізілуде.