20-25 қыркүйек аралығында халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында алғаш рет Семей қаласында ХХVII Республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылды. Осы аталмыш фестивальде еліміздің түпкір-түпкірінен келген өнер ордалары бас қосып, өз өнерлерімен халықты таңғалдырды. Жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүрген театр жұлдыздарының өнерін біз де 327-топ болып, қойылымды тамашаладық. А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымын көре отырып, кей студенттер мектеп кезінде оқыған кітаптарын еске түсірсе, енді біреулері романның желісіне, актерлардың өнеріне қызыға қарады. Қала тұрғындарына осындай әсерлі мереке сыйлаған фестиваль ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз!
Жумагельдинова Н.Б. 327-топ