«Ұлылардың ұлысы – Абай» атты дөңгелек үстел

2019 жылдың 21 қыркүйек күні «Абайтану» ұйымының жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызының ұйымдастыруымен «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты дөңгелек үстел өтті. Ұлы Абайдың қара сөздерінің мәнін, мағынасын терең ашу, бүгінгі күнмен байланыстыру, пікір алмасу, ой қозғау, студенттердің сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында ұйымның белсенді мүшелері Асанова Маржан, Қосанов Мұхаметали, Ерғалиева Несібелі өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Қазақстанның келешегі жастарды өмірде рухани білімді, саналы, ойлы тұлға етіп қалыптастыруда, «Мен – қазақпын» деген әрбір азаматтың жүрегінде, ақыл санасында «Абайтану» мұрасын дамытуда, кәсіби кездесудің нәтижесі сарапқа салынды.

Абай поэзиясының ерекшелігін таныту арқылы жастарымызды адамгершілікке, сұлулыққа, отансүйгіштікке баулуда Абай әлемін жаңа бағыттағы іздену арқылы мазмұнды, мағыналы шараларды өткізуде дөңгелек үстел барысында іс-тәжірибе алмасудың берері мол.

 

Абайтану ұйымының жетекшісі: Жайрбаева Ж.Қ.

224 топ студенті Тастағанова Ә.С.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар