Мектеп кезеңі өсудің қарқынды үдерістерімен, сүйек қаңқасы мен бұлшықеттерінің ұлғаюымен, зат алмасуының күрделі қайта құрылуымен және ағзаның әртүрлі жүйелерінің қызметімен сипатталады. Осы жас кезеңінің ерекшеліктеріне ақпарат ағынының өсуіне, мектеп бағдарламаларының күрделенуіне, сабақтардың қосымша жүктемелермен үйлесуіне байланысты оқушылардың айтарлықтай ақыл-ой қарқындылығы жатады. Бұл кезеңде тамақтанудың бұзылуы асқазан-ішек жолдарының функционалдық бұзылулары мен созылмалы ауруларына ғана емес, сондай-ақ, ағзаның барлық жүйелерінің жұмыс істеуіндегі ауытқуларға әкелуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандар бүгінгі күні оқушылардың тиімді тамақтануы проблемасының өзектілігін растайды.
2019 жылдың 24 қыркүйегінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 401 топ студенттері Кадырбеков Е., Мещеряков И., Кусаинова А., куратор Ш.М. Токешевамен бірге №6 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында дұрыс тамақтануға арналған сынып сағаттарын өткізді. Студенттер оқушыларға дұрыс тамақтану ережелері, әртүрлі тағам өнімдерінің зияны мен пайдасы туралы айтып, тақырыптық роликтер мен презентацияларды ұсынды.
Оқушылар студенттерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, кері байланыс форматында сұрақтар қойды.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Токешева Ш.М., оқытушы Бейсенгазина М.Б.