Университет мұражайындағы экскурсия

Семей Медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері 2019 жылдың 11 қыркүйек күні «Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова» атындағы және «Университет тарихы» мұражайына экскурсия жасады. Мұражай қызметкерлері ғажайып атмосфера орната отырып 5 бөлімнен тұратын көрсетіліммен таныстырды: «Мәншүктің балалық шағы», «Мәншүктің жасөспірімдік шағы», «Мәншүктің әскери ерлігі», «Солдаттар», «Жадымызда және жүрегімізде».

Экскурсия мақсаты Мәншүк Мәметова өмірі, медицинадағы үлесі, әскердегі ерлігі жайлы білу болды. Студенттер мұражайда Мәншүктің өмірбаяны, нақтырақ айтқанда, балалық шағы, жасөспірімдік шағы, әскердегі шағы, медицина институтында оқығаны жайында ақпарат білдік.

Мәншүк Мәметованың оқу оқып жүріп, әскерге аттанғаны жайлы ой біздің медицинаға деген махаббатымызды өрлетіп, арманымызға бір қадам алға жылжытқандай. Әлбетте, біз достық пен татулықтың арқасында, алған білімді пайдалана отырып, арманымызға бірге жетеміз!

Аяжан Ризабекова

Куратор: Т.А. Муздыбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар