Семей медицина университетінде шағын футбол алаңы ашылды

2019 жылғы 28 қыркүйек күні Жастар жылына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Семей медицина университетінде шағын футбол алаңының салтанатты ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға Басқарма Төрағасы – Ректор Е.Т. Жүнісов, Семей қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі секторының меңгерушісі А.А. Құрманғалиев, дене тәрбиесі кафедрасының ардагері Т.Г. Селихова, спорт ардагерлері, студенттер мен оқытушылар қатысты.

Спорт алаңын ашудағы басты мақсат – студент жастарды салауатты өмір салтына баулу, дене шынықтыру кафедрасының базалық аумағын кеңейтіп, сабақ барысы жағдайын жақсарту.

Алаңның салтанатты ашылуына арналған концерттік бағдарлама шағын футболдан Басқарма Төрағасы – Ректордың кубогімен жалғасын тапты. Аталған жарыста 1-7 курс студенттерінен құралған 8 команда бақ сынасты.