СМУ студенттері “Деструктивті идеологияға қарсы төзімділікті қалыптастыру” тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты

2019 жылғы 28 қыркүйек күні Шəкəрім атындағы мемлекеттік университетінде Абай облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша “Семей Жастар Ассамблеясы” қоғамдық бірлестігі “Деструктивті идеологияға қарсы төзімділікті қалыптастыру” атты жастарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Университетіміздің атынан университет қабырғасындағы Жас-Отан жастар қанатының мүшелері Ермуханбетова Фатима, Жұмағазы Айнаш, Ибраева Айнура семинарға қатысты.
Семинар-тренинг барысында студенттерді бір-бірімен  таныстыру мақсатында ойындар ойнатылып, деструктивті идеологияға түсінктеме беру үшін студенттерді топтарға бөліп əр түрлі терминдерді талдатты. Тренер  Азамат Азатұлы əр терминге өзі қысқаша түсініктеме беріп, өмірлік мысалдар келтірді. Жат діни ағымдар туралы ақпарат беріп, оларды қалай оңай ажырату жолдарын түсіндірді. Семинар соңында студенттерге сертификат берілді.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір