20 қыркүйекте Семей медицина университеті қабырғасында SCORP Адам құқықтары және бейбітшілік жөніндегі тұрақты комитеттің жетекшілігімен ҚМЖО СМУ Жергілікті комитеті «Медицина және медицина ғылымдарындағы этика және адам құқықтары» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты этика және оның қағидалары, маңыздылығы жөнінде ақпарат беру болды. Белсенділер қарқынды түрде осы өзекті тақырыпты және оның қағидаларын талқылады. Материалды түйіндеу үшін қатысушылар 3 шағын топқа бөлінді. Сондай-ақ, жағдайлық есептерді көрініс арқылы көрсету міндеттелді. Сонымен қатар, әр қатысушыға жағдайлық есептер карточка түрінде таратылды. Барлық қатысушылар өздеріне берілген міндетті толығымен орындады. Іс-шараның аяғына таман ұйымдастырушылар шара жайлы сауалнама жүргізді. Қатысушылар іс-шараға керемет баға берді.