СМУ студенттері ел президенті жолдауын талқылады

Семей медицина университетің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс 1210 тобының студенттері 2019 жылдың 20 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Түйебаев Махмұт Мамырбекұлымен кездесуге қатысты. Аталмыш кездесудің мақсаты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 тармақтан тұратын бағдарлама бағыттарын талқылау болды.

Кездесу барысында Махмұт Мамырбекұлы Қазақстанның XX-ғасырдың басындағы тарихы  мен бүгінгі тарихын ұштастырып, әңгіме жүргізді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Жаңа бағыттың маңызын түсіндіре отырып, тәрбиелік мәні бар нақыл сөздер де айтылды.

 

Аяжан Ризабекова

Куратор: Т.А. Мұздыбаева

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір