Қазақстандықтарға жолдауын талқылау және «Бүкіләлемдік суицидке қарсы күрес» күніне орай тәрбие сағатын өткізу

2019 жылдың 27-қыркүйек күні КЕАҚ МУС «Балалар жұқпалы аурулары» кафедрасында ПОҚ 410, 431 және 444 ЖМ кураторлық топтары, кураторлар: Ержигитова Э.М, Сальменбаева М.А, Смаилов Е.С 2019жылдың 2- қыркүйек күні жарияланған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет пен халыққа арналған жолдауымен таныстыру және 10-қыркүйек «Бүкіләлемдік суицидке қарсы күрес» күніне орай тәрбие сағаты өткізілді.

Қ.Р.президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын қысқаша түрде 444-топ студенті Бояубаев Қ. таныстырып өтті. Яғни:

– “Президент өзінің жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды”.

​- “Президент өзінің уәдесін орындады және жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды”.

Сондай-ақ, елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаларды реттеу керектігін айтты. “2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешім күшіне енеді”, – деп айтылды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.

Бүкіләлемдік суицидке қарсы күрес күніне орай презентацияны 410 ЖМ Нұрланов А. таныстырып өтті. Қазақстан суицид бойынша әлемнің алдыңғы бестігіне кіретінін, ал Орта Азияда «бәйгенің» басында келетінін айтты. Елімізде әрбір 100 мың адамның 53 – інің ажалы өздерінен болатыны, яғни суицидтен екені анықталған. Нақтылы айтқанда, еліміз, өкінішке қарай, өзін – өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, ал қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынға шыққан.Бұл Қазақстандағы суицид саны жалпыәлемдік стандартпен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде екендігін білдіреді. Сонымен қатар суицидті тудыратын себептермен және суицидті болдырмау үшін түрлі амалдарды айтып өтті.

Презентация соңында суицидке қарсы тәрбиелік шағын видеофильм көрсетілді.

 

«Балалар жұқпалы аурулары» кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты: Э.М.Ержигитова.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva