Зорлық-зомбылық – бүкіл адамзаттың жаһандық мәселелерінің бірі. Зорлық-зомбылықтың түрлері алуан түрлі: үйде, жұмыста, көшеде кез-келген жерде болуы мүмкін. Ересектер де, балалар да соның зардабынан құрбан болуда.
2019 жылдың 2 қазан күні Семей медицина университетінің Еріктілер Корпусы ұйымының студенттері Зорлыққа қарсы халықаралық күнді атап өтті. Әрбір студент зорлыққа қарсылықтарын білдіріп, өздерінің ойларын еркін айтып, әлеуметтік видеоролик түсірді. Олар не себепті зорлыққа қарсы екендеріне және оны қалай алдын алуға болатыны туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұрындары зорлыққа қатысты болған оқиғалар туралы мәліметтерді жинап, қазіргі кезбен салыстырып, статистика жүргізіп оны арнайы стендқа бекітті.
Жасалған жұмыстар бәріне пайдалы екеніне көз жеткіздік. Болашақта зорлық-зомбылықтың азаюы, кейін мүлде болмауы өзіміздің қолымызда. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды, «тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы», «тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі», «тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі» деген нақыл сөздер бұның дәлелі.