Дүниежүзілік демократия күні

Дүниежүзілік демократия күні

2019 жылғы 30 қыркүйекте Семей медицина университетінде ҚМЖО Адам құқықтары және бейбітшілік жөніндегі SCORP тұрақты комитеті халықаралық студенттер белсенді қатысқан «Халықаралық демократия күні» тақырыбында іс-шара өткізді. Шараның мақсаты демократияның қағидасы, маңыздылығы, тарихы жайлы ақпарат беру. Шара ұйымдастырушысы 4 курстың 4105 группа студенті Нуралдинов Ансар, ал жүргізушілері 4 курстың 4141 группа студенттері Амангельды Назерке және Ускенбаева Айгерим болды. Олар тақырыптың өзектілігі мен қағидасы туралы ой бөлісті. Тақырыпты түйіндеу үшін қатысушыларға сұрақтар қойылу арқылы пікірталас жүргізілді. Барлық қатысушылар өздеріне қойылған сұрақтарға толығымен жауап қайтарды. Іс-шараның аяғында ұйымдастырушылар сауалнама жүргізді. Қатысушылар шараға оң бағаларын берді.

Изгуттинова Аия Нуржанкызы, 203, стоматология

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір