1 курс студенттері «Томирис» тарихи көркем фильмін тамашалады

1 курс студенттері «Томирис» тарихи көркем фильмін тамашалады

2019 жылдың 1-4 қазан аралығында «Рухани Жаңғыру» және «Ұлы Даланың Жеті Қыры» бағдарламалары аясында 1 курстың «Жалпы медицина» және «Стоматология»  студенттері  Жалпы білім беру кафедрасы оқытушылараның ұйымдастыруымен отандық режиссер Ақан Сатаевтың  жақын арада тұсауы кесілген «Томирис» атты тарихи көркем фильмін тамашалады.  Бұл фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен түсірілген.

Фильмде  қазіргі Қазақстан территориясында осыдан екі жарым мың жыл бұрын болған оқиғалар туралы, Ұлы Даланы ұлықтаған Томирис патшайымның тағдыры жайлы баяндалады. Ұлы Даланың барлық көшпелі  тайпаларын басын қосып, парсы патшасы ІІ Кирге төтеп берген Томирис өз жерін қорғап қалды. Аталған тарихи драма барлық студенттерді толқытып, үлкен қызығушылық тудырды. Әсіресе кинодағы Томиристің қазақ жеріне басып кірген парсы патшасы Кирді өлтірген кезін студенттер шапалақтап  қолдау көрсетті. Осындай тарихи фильмдерді тамашалау жас ұрпақтың бойында тарихқа деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, олардың қазіргі уақытта рухани жаңғыруына, ұлттық сана-сезімнің, патриотизмнің  өсуіне  әсер ететіні сөзсіз.

 

ЖББП кафедрасының оқытушысы Г.Н. Табулдинова

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір