KazMSA құрамына кірген белсенділер үшін тренинг өткізілді

KazMSA құрамына кірген белсенділер үшін тренинг өткізілді

2019 жылғы 16 қыркүйек күні Қазақстан медициналық жастар ұйымының әлеуетті арттыру жөніндегі жергілікті комитетінің вице-директоры Анель Ерланқызы «СМУ» КеАҚ KazMSA құрамына кірген белсенділер үшін тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – белсенділерді KazMSA және IFMSA құрылымымен таныстыру және студенттерге тренинг пен энерджайзердің көмегімен белсенділердің ұйымшылдығын көрсету болып табылады.

Жеңіл және қызықты ойындар арқылы студенттер ұйымның лауазымдық құрамы мен іс-шаралары туралы көптеген пайдалы ақпараттар алды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір