Қарты бар үйдің қазынасы бар!

Қарты бар үйдің қазынасы бар!

«Қарты бардың – қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан, әрине, жалыққан емессіздер.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты.
1 қазан — Қарттар күніне орай елімізде егде жастағыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге көңіл бөлініп, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық көмектер көрсетіледі. Біздің университетіміз АҚ «СМУ» де қарттар күніне орай әр түрлі мерекелік іс-шаралар өтуде. Атап айтсам, университетіміздің төрінде қазанның 1-2 күндері жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, сонымен қатар бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Осы бағдарлама негізінде 1 қазан күні , біз, Семей медицина университетінің дипломға дейінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 424 кураторлық топ студенттері арнаулы ұйымдастырылған шараға белсене қатысып, қазыналы қарттарымыздың мерекесімен құттықтап қайттық.

424-ЖМ студенті: Болатжан Март

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар