2019 жылдың қыркүйек айында жалпы медицина мамандығының 105 топ студенттері топ кураторы Б.А. Жорғатаевамен қалалық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалап қайтты.
Мұражай қорындағы жүзден астам түрлі экспонаттармен, қаламыздың мәдениеті мен дәстүрін сипаттайтын экспозициялармен танысты. Мұражай коллекциясында көне фотоқұжаттар, тұрмыстық заттар, қолжазбалар, естелік кітаптар және тағы басқа да тарихи құндылықтар сақталған. Экскурсовод кіріспе залында Семей губерниясының құрылу тарихы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, студенттер палеонтология және геология залында, жануарлар әлемі, минералдар, археология және қолөнер бұйымдарымен де танысты. Топ студенттері ғасырлық тарихымыздан рухани-байлық жинап, жақсы әсер алып қайтты.