«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттерімен жиналыс

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттерімен жиналыс

Білім берудің жаңа тәсілдерін енгізуді оңтайландыру мақсатында 2019 жылғы 3 қазан күні Медицина мектебі Медициналық білімнің сапасы мен бақылау бөлімімен бірлесе отырып «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында KEYPS жүйесін пайдалану, сабақ кестесінің ерекшеліктері, бағалау әдістері мен емтихандар бойынша өзекті сұрақтар талқыланды. МБСББ аға маманы  Бикбаев Ринат Муратович жаңа оқу бағдарламасының құрылымын, суммативті және формативті бағалау әдістерін, студенттердің теориялық және тәжірибелік білімдерін бағалау қағидаларымен таныстырды. Проказюк Александр Александрович KEYPS жүйесін пайдалану, сабақ кестесі және үлестірмелі материалдарды тексеру  бойынша толық мағлұмат берді. Жалпы кездесу еркін талқылау форматында өткізілді және студенттерге жаңа оқу бағдарламасының мақсатын түсінуге, мәселелерді шешу бойынша өз көмегін тигізді деп ойлаймыз.

 

Медицина мектебі

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі