«Бабалар ізімен» бір күндік саяхат

«Бабалар ізімен» бір күндік саяхат

2019 жылдың 5 қазан күні  Семей медицина университетінің оқытушылары, әр ұйымның белсенді студенттері ұлылар мекені Жидебайға бір күндік саяхат жасап қайтты. Сапардың негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының үй-мұражайларына барып, сондай-ақ, Күшікбай, Еңлік- Кебек ескерткіші сияқты жерлермен танысу болды. Оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған саяхатқа 90-нан астам студент қатысты. Студенттерді ұлы ақын туған, өмір сүрген күзеуі мен қыстауын, шабытын оятқан күзгі дала көріністерін, тұтынған заттарын, өз қолымен ұстаған кітаптарын көрсету, ақын заманына бір барып қайтқандай әсер алдыру мақсаты жүзеге асқан сыңайлы. Жидебайға барар жолда Еңілік Кебек кесенесін тамашалап, сосын Жидебайға барып ұлы Абай, Шәкәрім бабаларымыздың басына дұға оқып, тілек тілеп қайтты. Қазір мұнда ақынның мұражай-үйі жұмыс істейді. Жидебай Еуразия материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептеледі. Сондай бір қазағымыздың киелі, қасиетті жеріне керемет көңіл күймен барып қайттық.

 

«Абайтану» ұйымының жетекшісі: Ж.Қ. Жайрбаева

«Абайтану» ұйымының лидері: С.С. Сейтбеков

«Абайтану» ұйымының белсенді мүшесі: М.Б. Қосанов

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір