2019 жылдың 4 қазан күні Семей медицина университеті «Еріктілер корпусы» ұйымының студенттері Халықаралық күлкі күніне арналған іс-шара іс-шара өткізді. Іс-шара Жедел медициналық жәрдем ауруханасының «стационар» бөлімінде жүргізілді. Халықаралық күлкі күні қазан айының бірінші жұмасында аталып өткіледі. Еріктілер «стационар» бөліміндегі медициналық қызметкерлерге ұмытылмас күн, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, эмотикондардан (“смайлик”) қуанышты селфи жасап, оларды әлеуметтік желілерде бөлісті. Осылайша, интернет-пайдаланушылар әлеуметтік желілердегі жұрттың көңіл-күйін көтеруге септігін тигізеді. Студенттер аурухана қызметкерлеріне жүздерінен күлкі кетпесін деп тілектерін білдірді. Күлкі адамның өмірін ұзартатын бірден-бір құрал екені баршаға мәлім.