2019 жылдың 4 қазан айында ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 115, 118 және 212 топтарының студенттеріне оқудың негізгі ережелері түсіндірілді. Топ кураторлары Кабаева А.Е., Разакова Н.Г., Ажарова А.К. студенттерді жалпы ережелермен және талаптармен таныстырды. Сонымен қатар студенттердің білімін бағалау критерийлері, «KEYPS» АБЖ жұмыс ережелері, формативті және суммативті бағалау ерекшеліктерімен, біріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері талқыланды.
ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы