Қазан айының 7-сі күні Семей медицина университетінде “Level Up” ұйымы көптілділік аптасының ашылуына орай жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушыларын өткен Ұстаздар күні мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында студенттер мұғалімдерге шағын қолдан жасалған сыйлықтарын табыстап, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар кафедра мұғалімдері де әріптестерін мерекемен үш тілде құттықтап, алғыстарын білдірді. Кафедра мұғалімдерін құттықтап, мерекелік көңіл- күй сыйлау үшін ұйым белсенділері кафедраға қабырға газетін ілді.
“Level Up” ұйымының жетекшісі: Жайрбаева Ж.К.
“Level Up” ұйымының лидері: Жумашева Г.Б.