4-6 қазан күндері Семей медицина университеті “Салауат” дебат клубының пікірсайысшылары М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс тренерлеріне арналған тренингке қатысып, тәжірибе алмасты.
Тренингтің басты мақсаты қаламыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, пікірсайыс тренерлерін дайындау, арнаулы орта оқу орындарындағы пікірсайыс клубтарының дамуына үлес қосу болды. Үш күнге созылған тренингте қаламыздың пікірсайысшы жастары мол тәжірбие жинақтап, еліміздің үздік пікірсайысшыларынан мол мағұлмат ала алды.
Тренинг тренерлері ретінде еліміздегі ең үздік пікірсайыс қозғалысы, ел ордасы Нұр-Сұлтан қаласының «Астана пікірсайысшылар альянсы» бірлестігінің тренерлері, республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Еркебұлан Қуанбай және Нұртас Күздеубаев таңдалған болатын. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Тәжірбиесі мен білімі көп тренерлер өздерінің бар білімімен жастарға бөлісіп, тәжірбиелік ойындар өткізді.
Тренинг барысында «Британдық парламенттік форматтың халықаралық ережелері», «Британдық парламенттік форматтағы төрешілік», «Пікірсайыстың жаңа технологиясы», «Клубты ұйымдастыру негіздері», «Пікірсайыс шараларына демеушілерді қатыстыру» тақырыбында семинарлар жүргізілді.