Семей медицина университетінде өлеңді  мәнерлеп оқушылар байқауы өтті

Семей медицина университетінде өлеңді мәнерлеп оқушылар байқауы өтті

2019 жылғы 20 қыркүйек күні Семей медицина университетінде Тілдер апталығының аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының орыс тілі мұғалімдері мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. 1 курстың түрлі мамандықтарының  студенттері  сүйікті ақындардың туған тілдері және орыс тіліне арналған шығармаларын оқыды.

Конкурс нәтижесі бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 102 топ студенті Абсеит Мұстафа 1 орынға ие болды.

2 орынды «Жалпы медицина» мамандығының 120 топ студенті Қайратұлы Жәнібек жеңіп алса, 3 орынды «Жалпы медицина» мамандығының 114 топ студенті Бейсенбай Дәуіржан алды.

 

ЖББП кафедраcының аға оқытушысы Г.М. Алина

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар