Студенттері мен стоматологиялық факультетінің интерндерінің көмегімен қарттар үйіне барып, мерекелік концерт

Студенттері мен стоматологиялық факультетінің интерндерінің көмегімен қарттар үйіне барып, мерекелік концерт

Біздің кафедрамызда Қарттар күніне орай, сол күнді атап өту жақсы дәстүрге айналған. Сол мақсатта, 2019 жылдың 8 қазан күні терапиялық стоматология кафедрасы кураторлық топ студенттері мен стоматологиялық факультетінің интерндерінің көмегімен қарттар үйіне барып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік концертте бастапқы құттықтау сөзбен терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Хайдарова Н.Б. ашып берді. Бағдарламада әндер, билер, фортепианомен музыкалық композициялар, флэшмоб болды. Қарттарға мерекелік шараға байланысты тәттілермен шәй ұйымдастырылды және естелікке сыйлық ұсынылды.

Соңында студенттерге, концерт ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде, басшылық ұйымы оларда жылы сөздерімен студенттерге тілектерін білдіріп, алғыс хат табыстады.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Қоғамдық өмір