Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайында

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайында

05.10.19 жылы Семей Медицина Университеті, Жалпы медицина мамандығының 424 тобы Акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы Егежанова Гүлбаршын Мырзахметовнаның кураторлық жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Ұлы Абай атамыздың шығармашылығы мен өнерін дәріптей отырып, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайына барып қайттық. Қорық-мұражайдың негізгі қызметі – Абай өмірі мен шығармашылығын және оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерттеу, сақтау, насихаттау, қорғау болып табылады. Тағы бір мәрте ерекше тұлғаның ерекше өміріне тәнті еткен мұражай деректерімен танысып, Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушысының біз білмейтін сырларымен таныстық. Мұражайдың жеке бөлмелерімен, оның ішінде «Абай және оның уақыты», «Жыл мезгілдері», «Бейнелеу өнеріндегі Абай», «Абайдың ақындық мектебі», «Абай және қазіргі заман» экспонаттарымен танысып өттік. Абай «Өлең сөздің патшасы» өлеңінде «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!» -деп жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Осы сөзді толық түсіне білетін саналы ұрпақ болу міндетіміз екенін түсіне білу бізге парыз. Абайдың туған жері-Жидебайдың макетімен таныстық. Осы күннен ұмытылмас әсер алдық.

Жарияланды:
Автор:Ainura Zhabaeva
Рубрикалар: Оқушылар