KEYPS жүйесін пайдалануды оңтайландыру

KEYPS жүйесін пайдалануды оңтайландыру

2019 жылының 8 және 9 қазан күндері Фазыл Сердар Гюрельдің “Жалпы медицина” мамандығының старосталарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Фазыл Сердар Гюрель KEYPS жүйесін енгізуінің ерекшеліктері мен болашағы неде екенін түсіндірді. Талқылауға сонымен қатар МБСББ маманы Александр Проказюк және Медицина мектебі деканының орынбасары Асем Уристемова қатысты. Студенттер KEYPS-те формативті және суммативті бағалаудың өтуі туралы алған әсерлерімен белсенді бөлісті, осы бағдарламаны жақсартудың ықтимал тәсілдері туралы өз пікірлерін де айтты. Негізгі талап ретінде сайтқа үлкен техникалық жүктемемен байланысты баяу жүктеу жылдамдығы айтылды – өйткені мыңдаған пайдаланушылар бір уақытта KEYPS-те жұмыс істейді. Студенттерге бұл мәселе жүйені жергілікті серверге көшіре отырып, жақын арада шешілетіндігі түсіндірілді. Жалпы, білім алушылар KEYPS жүйесін пайдалану тәжірибесіне оң баға берді.

 

Медицина мектебі

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі