2019 жылдың 27 қыркүйек күні жалпы медицина мамандығының 105 топ студенттері қаламыздың Абай атындағы облыстық кітапханаға барды. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы –кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда кітапханашылар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени сауатты, еңбегі өте қарапайым және маңызды, жан-жақты білімді, өз міндетіне жауапты педагог және тәрбиеші. Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы – кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз. Кітапхана қызметкері студенттерді кітапхананың негізгі бөлімдерімен таныстырып, қысқаша мағлұматтар беріп өтті.
Кітапхананың сирек кездесетін қорының маржаны-Гомердің “Илиада” поэтикалық туындысы. Сонымен қатар, К. Беккердің “Дүниежүзі тарихы”, Б. Тернау “Мұсылман құқығының ерекшеліктері”, И. Дарвиннің, А. Тимирязевтің еңбектері және т.б. басылымдармен таныстырды.
Топ студенттері кітапхана қорымен танысып, алған ақпараттарымен бөлісті.
105 топ студенті Аружан Мәутханова