2019 жылдың 9 қазан күні ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында Ұстаздар күніне орай кураторлық сағат өтті. 212 топ студенттері кафедра оқытушылары мен кураторы Ақбота Ерланқызын құттықтай отыра кішігірім кеш ұйымдастырды.
Топтың белсенді студенттері презентация даярлап, викториналық сұрақтар мен сайыстар ұйымдастырып, өз өнерлерімен бөлісті. Студент Дәулет Қалиев домбыра тарту шеберлігін көрсетті.
Кафедра оқытушылары студенттерге ұстаздық жолды қалай және не себепті тандағандарымен бөлісті. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, өз жетістіктерін айтты.
Кафедра оқытушылары студенттер мен әріптестерін Ұстаздар күнімен, ұстаздардың кәсіби төл мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, сәттілік пен өркендеу сынды тілектерін білдірді.
ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы