Неврология ,офтальмология және оториноларингология кафедрасының Неврология курсы бойынша қазан айының 8-і күні аталмыш кафедраға тиесілі жалпы медицина факультетінің 525-ші топ студенттеріне топ кураторы Ахметкалиева Ш.Б мен кафедраның тәрбие ісіне жауапты ассистенті
Енсибаева Ш.Д қатысуымен “Қазақстандық жастарға деструктивті діни идеологияның зиянды әсері» атты тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты-жастардың діни сауаттылығын арттыру болды.
Тәрбие сағаты барысында 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы талқыға түсті.
Сонымен қатар,қазіргі уақытта бұқаралық ақпараттар құралдарынан тек лаңкестік оқиғалар мен жарылыстардың көбейіп жатқандығы мен ислам дініне келіп қосылып жатқан теріс діни ағымдар туралы, экстремизм және терроризм ұғымдары жайлы сөз қозғалды.
Тәрбие сағаты соңында жастар өздерінің ойларымен бөлісті,ал оқытушылар болса студенттерге діни сауатты болуға,әлеуметтік желіде белгісіз діни парақшаларға қосылмауға,іріткі салатын әртүрлі ұйымдарға мүлдем жоламауға кеңес берілді.
Неврология ,офтальмология және оториноларингология
кафедрасының тәрбие ісіне
жауапты ассистенті Енсибаева Ш.Д