12 қазанда Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 105 тобы Абай атындағы театрға «Блэз» атты қойылымын тамашалауға барды. Топ студенттері дарынды актерлердің образдарды сомдауына және қойылымға тәнті болды. Оқушылар мен оқытушылар тағы да актерлардың дарынына және әлемді көру қабілетіне, шығарма тақырыбының өзектілігіне қайран қалды.
Осындай іс-шаралар студенттердің қызығушылығын оятып, эстетикалық тәрбие алып, рухани дамуына игі ықпал етеді.