Атпен cеруендеу

Атпен cеруендеу

357 топ студенттері 13 қазан күні таңғажайып күн өткізіп, атпен серуендеді. Атпен серуендеу – өте танымал іс. Негізгі физикалық жаттығулардан басқа, атпен серуендеу ұмытылмас тәжірибе беріп, керемет демалысқа айланады. Әрине, таза ауада, қуаттайтын асыл жан-жануарлардын арасында. Өйткені, аттар – керемет жануарлар. Олармен қарым-қатынас тыныштық пен ішкі тепе-теңдік сезімін сыйлайды, стрессті жеңілдетеді. Олар өздерінің сұлулығымен және сүйкімділігімен таңқалдырады, сондықтан біз ақылды және сенімді жануарлармен жақын қарым-қатынаста болғымыз келеді. Сонымен қатар, таңғажайып әсем табиғатты тамашалап, қуаныш пен рахат алуға болады.

Атпен серуендеу – бұл ашық ауада серуеннің бір түрі ғана емес, сонымен қатар созылмалы күйзеліс салдарынан арылуға мүмкіндік береді. Егер сіз ешқашан атқа мінбеген болсаңыз, онда міндетті түрде көріңіз! Атпен серуендеп алған ләззатты ештеңемен салыстыруға болмайды деп сеніңіз!

357 топ кураторы

Б.Т. Шакирова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар