Студенттік ғылыми үйірменің мақсаты – студенттердің ғылымда «білім көкжиектерін» дамыту, ғылыми-зерттеу дағдысын қалыптастыру. Студенттің – жаңа идеяларды өз бетінше игеруі, ғылыми ақпараттар тасқынында иновациялық технологияны тәжірибеде қолдануы бүгінгі күннің басты талабы. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының 2019-2020 жылғы оқу жылында СҒҮ алғашқы отырысын өткізді. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к Эфендиев И.М үйірме мүшелеріне таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін меңгеру жөнінде баяндама жасап, алғыс сөзін жеткізді. Отырыста СҒҮ төрағалығына Шавровский А.А сайланды, сондай-ақ ғылыми-жұмыстардың тақырыптары талқыланып, жетекшілері бекітілді.
«Балалар жұқпалы аурулар» кафдрасы бойынша СҒҮ жауапты: ассистент Смаилов Е.С.