ШҚО жастар саясаты белсенділері мен мамандары бас қосты

ШҚО жастар саясаты белсенділері мен мамандары бас қосты

2019 жылғы 8-10 қазан аралығында Семей қаласындағы демалыс базаларының бірінде Абай облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Жастық жігер» атты лагерь өтті. Жас белсенділер лагеріне Семей медицина университеті жастар саясаты бөлімінің маманы Дәурен Хасенов қатысты.

Іс-шара Абай облысының белсенді жас мамандары, жастар саясаты бөлімі мамандарының қатысуымен өтті. Аталмыш іс-шара барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарымен кездесулер өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік жастар жұмысын ілгерлету мақсатында елімізде танымал тренерлер Арафат Мамырбеков, Шыңғыс Үмбетаев, Ақерке Берлібай, Лидия Тайжанова, Светлана Ушакова, Эльзира Жүнісова «Жастар саясаты», «Ұжым», «Ұйымдастырушылық», «Әлеуметтік желі», «Тәрбиелік жұмыс», «Бизнес», «Карьера» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді. Жас белсенділер 3 күн бойы бір-бірімен тәжірибе алмасып, алға қойылған жоспарылармен бөлісті.

СМУ жастар саясатының маманы 3 күн қорытындысы бойынша жұмыс барысына қажет ақпаратты алды. Алдағы уақытта тренингтен алған тәжірибе стунденттермен жұмыс барысында қолданылмақ.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір