2019 жылғы 13 қазан күні «Жалпы медицина» мамандығының 114 топ студенттері Абай театрында «Қара пима» атты спектакльді тамашалады. Театр актерлерінің сахнадағы шебер ойыны көрермен санасында өшпес із қалдырып, сезімге әсер етті және ойға азық берді. Студенттер спектакльді үлкен қызығушылықпен тамашалап, адамның қиын уақытта шыдамдық таныта алмай, әлсіздікке бой алдыратыны жайлы талқылады. Университетімізге мәдени демалыс үшін, әдемілерге эстетикалық тәрбие бергені үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді.
114 тобының кураторы Ж.М. Құдайбергенова

