Клиницистер мектебі

Клиницистер мектебі

Жақсы дәстүрге айналған ҚеАҚ «СМУ» Дербестелген медицина кафедрасында жалпы тәжірбиелік дәрігерлер, резиденттер және ЖТД-интерндер, сондай-ақ Семей қаласының орта медицина қызметкерлеріне арналған “КЛИНИЦИСТЕР МЕКТЕБІ” белсенді жұмыс жасауда. 2019 жылдың 3 қазанындағы  Мектеп отырысы «Д»  дәруменінің жеткіліксіздігі  мәселелеріне арналды.707- топ ЖТД интерн-дәрігерлері тұрғындар арасында жиі таралған «Д» дәруменінің жеткіліксіздігінің алдын алу мәселесін қазақ және орыс тілінде жаңа мәліметтер берді. Дәрігерлер, интерндер, резиденттер дискуссияға белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алды, өйткені әрбір аумақтарда «Д» дәруменінің жеткіліксіздігі алдын алу туралы білмейтін  жүкті, омыраумен емізетін әйел адамдар, ата-аналар, қарт адамдар кездеседі.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар