12-13 қазан күндері Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында “Семей Жастар Ассамблеясы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Сен де бір кірпіш дүниеге” атты Семей әкімінің кубогіне арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Үш тілді лигада өткізілген турнирге еліміздің 7 аймағынан барлығы 200-ге жуық спикер қатысты. Пікірсайысшылар бәйгесінде Семей медицина универсиетінің “Салауат” дебат клубының пікірсайысшылары озық шығып, үш лигада да жүлделі орындарға ие болды!
Қазақ лигасында:
ІІІ орын иегерлері: Азамат Елдар 312 ЖМ топ студенті, Исаханов Рамзан 436 ЖМ топ студенті.
Орыс лигасында:
Финалистер:
Мұрат Бота 326 ЖМ топ студенті,
Ерғалиева Кәмила 334 ЖМ топ студенті.
Ағылшын лигасында:
Ең үздік спикер: Жумагажиева Назигуль.
ІІ Орын иегерлері:
Жумагажиева Назигуль 344 топ, жалпы медицина студенті,
Карабаева Алуа 102 топ Стоматология студенті.
Турнирдің барша жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз молая берсін! Жоғары деңгейде өткен турнир үшін ұйымдастырушыларға және қолдау көрсеткен Семей қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз!