Бүгін, қазанның 16-сы күні, дүние жүзінде анестезиологтар мен реаниматологтар күні аталып өтілуде. Осы кәсіп өкілдерінің арқасында, 170-тен астам жыл шамасында ең күрделі хирургиялық оталарды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Семей медицина университеті анестезиолог және реаниматолог дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге сәттілік, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!
1846 жылы 16 қазанда медициналық студенттермен елеулі докторлар алдында аудиторияда анестезия тарихында алғаш рет – америкалық тіс дәрігері Уильям Мортон эфирлік наркозбен Гилберт Эббот атты пациентті ұйықтата отырып, мойнындағы обырын алып тастау отасын жасады. Мортон және оның мұғалімі, дәрігер, химик Чарльз Джексон пайдалануға ұсынған эфир, алғашқы анестезиологтар және наркоздың бірінші өнертапқыштар деп танылды. Бұл күні бүкіл әлемде анестезиологтар күні атап өтіледі.

