Қарағанды медицина университетінің  проректоры – қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры Түсіпова Кәмшат Маратқызы Семей медицина университетіне келді

Қарағанды медицина университетінің проректоры – қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры Түсіпова Кәмшат Маратқызы Семей медицина университетіне келді

2019 жылғы 15 қазан күні Семей медицина университетінде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ проректор – қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры, Лунд университетінің (Швеция) зерттеушісі Түсіпова Кәмшат Маратқызы келді.

Сапар аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4-курс студенттерімен, магистранттармен және докторанттармен кездесу өтті. Кездесу барысында Кәмшат Маратқызы Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту бойынша презентациясын ұсынды. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының негізгі функциялары және құзыреттерімен таныстырды. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде және оқыту бағдарламаларында жүйелі тәсілдің құрылымын атап өтті. Еуропалық және Қазақстандық білім беру бағдарламаларының моделін салыстырмалы түрде ұсынып, қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде оқытудың модульдік құрылымымен таныстырды. Кездесу соңында қатысушылар бірқатар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Бұдан әрі Басқарма Төрағасының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары М.А. Жанаспаевпен, инновациялық білім беру департаментінің директоры Сердар Фазыл Гюрел мырзамен, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы А.О. Мысаевпен, эпидемиология және биостатистика кафедрасының меңгерушісі У.С. Джамединовамен кездесу өтті. Кездесу барысында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасын жүзеге асыру, Швед жоғары оқу орындарындағы мансаптық өсу, сондай-ақ, білім мен ғылымдағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жарияланды: