2019 жылғы 17-19 қазан күндері Семей медицина университетінде «Ерікті – елдің патриоты» атты өңірлік жастар форумы өтуде. Аталған форум ҚР Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын қолдау мақсатында және Жастар жылы аясында ұйымдастырылуда. Өңір еріктілерінің басқосуы халықаралық MedUSE олимпиадасы және «Enactus» ұйымының «ENACTUS Kazakhstan Business Innovation Road Show» бизнес форумымен жалғасын таппақ. 3 күнге созылатын MedUSE олимпиадасына Қырғызстан және Қазақстанның 14 жоғары оқу орындарынан 100-ден астам студенттер қатысады. Жалпы форумға қатысушы белсенділердің саны 500-ден асты.
Форумның мақсаты – еріктілер қозғалысын дамытып, барлық форумға келген белсенді делегаттар арасында бірлескен жоба құру мақсатында келер жылға үндеу жасау, сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болды.

