Шағын кітапханадағы іс-шара.

Шағын кітапханадағы іс-шара.

Білім алу үшін тәрбие қажет. Білім мен тәрбие егіз. Оларды бір –бірінен бөліп қарауға болмайды. Ал тәрбие ақылмен тығыз байланысты. Адамды адам қылатыны – ақылы. Ата-ана мен аға буындардың ақылын алып, солардың ақыл- кеңесіне құлақ қойса, онда жастардың өмірде адаспайтыны сөзсіз. Ал көргенін, білгенін айтпаса, бұған алдыңғы буын ағалар кінәлі. Жастар еліктегіш келетіндіктен, оларға үлгі тұтарлық адам керек.

«Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы» -демекші,  жедел медициналық жәрдем ауруханасының  шағын кітапханасында 3 курстың 3235 топ студентеріне «Ұстаздан -ұлағат» атты тақырыпта доцент, МУ құрметті профессоры М. А. Қалдыбаевпен әңгіме – сұхбат өткізілді.

Дәрігер, ата-ана, ұстаз ретінде Мұзаффар Ахметсафаұлы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, хирург болу үшін жақсы білім керек екенін, хирургтің бойында болуға тиісті қасиеттері, жауапкершілігі мен қиындақтарын баса айтты. Сондай-ақ дәрігер тек қана ем жасап қана қоймай, жылылық танытып, «адам жанының арашасы»- деген атқа лайық болуға шақырды. Студенттер өз тараптарынан Мұзаффар Ахметсафаұлына осылай ақыл- кеңесімен бөліскеніне рахметтерін айтып, рухани күш жинап тарасты.

 

ЖМЖА-дағы шағын кітапхана.

Жарияланды: