2019 жылдың 17 қазанында «Студент және ғылым. Секция: Қоғамдық денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар» университетішілік студенттік конференция өткізілді. Құттықтау сөзбен ҒЭЗ директоры Мансурова Д.А., Қоғамдық денсаулық сақтау кафедра меңгерушісі Хисметова З.А., Медицинадағы IT технологиялар кафедрасының меңгерушісі И.С.Мусатаева сөз сөйледі. Секцияда студенттер қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер саласындағы өзекті мәселелер туралы баяндады.
Конференция соңында барлық баяндамашыларға қатысушылар сертификаттары мен дипломдар табысталды. Қоғамдық денсаулық бөлімінде 1 орынды 401 гр.ҚДС студенттері – Л.С. Юнкина, А.К. Касымова, М.М.Сембекова, А.А.Жапарова (ғылыми жетекшісі м.ғ.м. Б.Қ.Сыдықова) алды; 2 орын – 401 ҚДС тобының студенттері – Кадырбеков Е.С., Кусаинова А.Р., Калелова А.М. (жетекшісі – доцент Токешева Ш.М.); 3-орынды 4 курс ЖМ студенті Алмас Ерлан иеленді (ғылыми жетекшісі PhD Мысаев А.О.). «Медицинадағы IT-технологиялар» кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтарының 1-5 курс студенттері 16 баяндама дайындады.
Секция барысында электрондық денсаулық сақтауды дамытуда ақпараттық технологияларды қолданудың қазіргі және перспективалық бағыттары, цифрлық медицинаның негізгі аспектілері Қазақстан Республикасында және шетелде ұсынылды және талқыланды. ҚазГЗИУ ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Г.Е. Мұқашева, А.Е. Еркінбек, ЦТБ бас маманы Н.Б. Тлебалдин ең жақсы баяндамаларды атап өтті: I дәрежелі диплом – «Сүт безі мен аналық бездің қатерлі ісігін ерте анықтаудың инновациялық және инвазивті емес әдісі» тақырыбындағы баяндамамен 540 ЖМ тобының студенті Арслан Рао (ғылыми жетекшісі Л.В. Ковалева), II дәрежелі диплом – «Жасанды интеллект саласын зерттеу және әзірлемелер» баяндамасымен116 OM тобының студенті . Биболов (жетекшісі А.Б. Букатаева); III дәрежелі диплом – «Биомедициналық жүйелерді модельдеуге негізделген ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы баяндама, Л.Имамбекова, Решатов А. 101 стоматология тобының студенттері(жетекшісі И.С. Мусатаева) марапатталды.

