Семей медицина университеті Digital Health Astana халықаралық көрмесіне қатысуда

Семей медицина университеті Digital Health Astana халықаралық көрмесіне қатысуда

Семей медицина университеті 2019 жылғы 24-25 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Digital Health Astana халықаралық көрмесіне қатысуда. Жыл сайын ұйымдастырылатын көрме биыл Қазақстанның медицина оқу орындарының стратегиялық әріптестерінің қатыстырылуымен ерекшеленіп отыр.

Халықаралық көрме аясында өткізіліп жатқан стратегиялық әріптестік жөніндегі конференцияға Семей медицина университетінің стратегиялық әріптесі Башкент университетінің ректоры Али Хабераль бастаған делегация қатысты.

Конференция барысында СМУ және Башкент университетінің стратегиялық әріптестігінің нәтижелері туралы баяндама жасалды. Али Хабераль атап өткендей, екі университет арасындағы әріптестіктің мақсаты – Семей медицина университетінің медициналық білім беруді жаңарту, ғылым мен клиникалық тәжірибені дамыту салаларындағы әлеуетін арттыруда техникалық және методологиялық қолдау көрсету. Баяндама қорытындысы ретінде Али Хабераль мырза аталған әріптестік барысында жинақталған тәжірибенің отандық денсаулық сақтау жүйесіне сәтті енгізілетініне сенім білдірді. Жобаның негізгі басым бағыттары ретінде шұғыл медицина, ядролық медицина, травматология және ортопедия салаларын дамыту белгіленген. Семей медицина университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Е.Т. Жүнісов аталған бағыттар бойынша әріптестік аясында атқарылған жұмыс туралы баяндады. Жобаның денсаулық сақтау жүйесіне және университеттің дамуына әсері жөнінде есеп берілді.

Жарияланды: