«Семей медицина университетінде білім алушылардың этика кодексі» және «СМУ ішкі ережелері» тақырыптарында кураторлық сағат өтті

«Семей медицина университетінде білім алушылардың этика кодексі» және «СМУ ішкі ережелері» тақырыптарында кураторлық сағат өтті

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында 2019 жылғы 18 қазан күні   «Семей медицина университетінде білім алушылардың этика кодексі» және «СМУ ішкі ережелері» тақырыптарында Жалпы медицина факультетінің 410 тобымен кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағат барысында студенттер СМУ студенттермен барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуінің этикалық жағын, корпоративтік қатынастардың этикалық нормаларын, сондай-ақ, этикалық норма бойынша студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің күнделікті жұмысына әсер ету тетіктерін реттейтін құжатымен танысты. 410 топ студенті Томирис Ратмуханбетова КеАҚ «СМУ» білім алушыларының құқықтары мен міндеттері жайында да баяндады.

 

Топ кураторы Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті М.А. Сальменбаева

 

Жарияланды: